С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің құрылу тарихы
Орта Азия мен Қазақстанныңэкономикасындамытуға үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері ТұрарРысқұлов 1926 жылдан бастап, 1936 жылға дейін Ресей Федерациясының Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. Осы кезеңдерде оның Бүкілодақтық көлемді ірі басшы тұлға ретіндегі іс – әрекеті кең құлаш жайды. Орта Азия, Қазақстан мен Сібірдің жай – жағдайын жетік білетін адам ретінде «Түркістан Сібір Теміржолы» құрылысын басқару міндеттеледі. 1927 жылдың 21 қарашасында Луговая станциясында ұлы құрылыстың ашылу рәсім іболды. Т.Рысқұлов «Түркісіб – жаңа өмір шындығы, ол мүлкіп жатқан балаларды оятып, барлық адамдарға бақыт әкеледі», - деп аяқтаған екен. Сол жерде ол алғашқы қазықты қаққан еді. Құрылыс қиын жағдайларда басталды, теміржол салу қолмен атқарылды. Осы ұлы бастама транс қазақстандық магистральді салуды аяқтайтын, 1946 жылыбасталған «Мойынты – Шу» желісінің құрылысына айырықша а әсер етті. Бұл желі республиканың бүкіл аумағын солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп өтті. Бұның өзі Сібірағашы мен солтүстікҚазақстанның астығының, Қарағанды көмірі мен металының Орта Азияға баратын ең қысқа жолын ашты. 438 шақырымдық «Мойынты – Шу теміржолы» желісінде жаңа ір елд імекендер пайда болды. Олар шөлдаланың кейпін күрт өзгерткен Саршыған, Шығанақ, Мыңарал, Қияқты, Хантау станциялары еді. Хантау елдімекенінде 1949 жылы № 68 МПС бөлімініңтөртжылдық бастауыш орыс мектебі ашылды. Мектеп директоры – А.А. Мищенко болып тағайындалды.
Хантауыныңасты да алтын, үсті де алтын,
Ардағымен, алтыныменкүштхалқым.
Құдайберген, Шомандай ерлер шығып,
Бақыт құсы қойлы ауылда құшты бағын
- деп айтқандай, ерең еңбегімен танымал болған, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, үш Ленин ордені және Октябрь революциясы ордендерінің иегері, Қазақ ССР жоғарғы Советінде депутат Шоман Шәріпбаев біздің мектебіміздің алғашқы оқушыларының бірі болғанын біз әрқашанда мақтаныш тұтамыз.
Мойынқұм даласы қашанда дархан,
Хантауының білгенг етасы да арман.
Еңбекші елдің жол бастар маягі боп,
Жаз– ата сөйлейсің сен ғасырлардан.
- деп жырға арқау болған Социалистік Еңбек екі мәрте алған ЖазылбекҚуанышбаев атамыз салқын самал желі, көк орай шалғын шөбі, сылдырап аққан кәусар сулы бұлағы бар Хантауды өзінің жазжайлауым, құтты мекенім депүнемі мақтаныш еткен
екен.
1950 жылы - № 68 қазақ – орыс жет іжылдық мектебі болып қайта құрылды, 1959 жылдан № 303 сегіз жылдық қазақ – орыс мектебі болып қайта ашылды. 1991 жылы 5 қарашадан бастап жаңа ғимаратқа қоныстанып, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі болыпқұрылды. Мектебімізгеақиық ақын, Қоғам қайраткері, қазақ әдебиеінің негізін қалаушылардың бірі С.Сейфуллин есімінің берілуі де кездейсоқтық емес.
Қазақ даласын дүр сілкіндірген Октябрьдің отты күздерінде «Кел, жігіттер» деген жалынды жырымен ұран көтерген сұлу сері, асқақ әнші Сәкен Анненковтың азап вагонынан қашып, сонан тар жол тайғақ кешіп, Дүйсенбі деген атпен әулие атаға келе жатқанда, Хантау етегіндегі кәусар бұлағымыз- Қызылқайнардан су ішіп, дамылдаған екен. Сол ұлы ақынымыздың құрметіне ауылымызда еңсе көтерген зәулім мектебімізді атауды ауыл болып ұйғарған едік.